Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта отырған ер адам әйелінің көзінше жанындағы қыздың киімін ашып, денесіне қол жүгірткен

Spirit Airlines әуе компаниясының жолаушысы ұшақта модель қыздың денесіне қол жүгіртіп, салдарынан сотталып кетті.

Ұшақта отырған ер адам әйелінің көзінше жанында отырған қыздың киімін ашып, денесіне қол жүгірткен

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қаңтар айында Лос-Анджелестен Детройтқа бағыт алған рейсте болған оқиғаға қатысты сот соңғы шешім шығарды. Сол кезде АҚШ-та тұрып жатқан 35 жастағы Прабху Рамамурти әйелі мен жас модельдің ортасында отырған. Ер адам 23 жастағы модель ұйықтап жатқан кезде, оның шалбары мен жейдесінің түймесін шешіп, оның тәніне қол жүгірткенін мойындады.

Ал 23 жастағы қыздың сөзінше, ол рейс кезінде оянып кетіп, «киімінің ішінен ер адамның қолын көрген». Сол кезде оның төбесіне әлдекім суық су құйып жібергендей болыпты.

«Әр адам ұшақта ұшу кезінде өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Біз бұл туралы ел алдында айтуға арланбаған қыздың батылдығын бағалаймыз», – дейді модельдің қорғаушысы Мэтью Шнайдер.

Сот шешімі бойынша Рамамурти 9 жыл бойы түрмеде отыратын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау