Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ жолаушылардың күдікті әңгімесіне байланысты шұғыл түрде жерге қонды

Словениядан Британияға бет алған Easyjet Airbus 319 ұшағы жолаушылардың күдікті әңгімесінен секем алып Кельн қаласына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған.

Безымянный

Бұл туралы неміс ақпарат құралдары хабарлайды.

Бірнеше адам борттағы кейбір жолаушылардың терроризм туралы айтып отырғанын ұшқышқа жеткізген. Осыдан соң әуе кемесінің командирі ұшақты қондыруға шешім қабылдайды.

151 жолаушыны сыртқа шығарған полиция үш күдіктіні ұстайды. Одан соң саперлер бір күдіктіге тиесілі рюкзакты тінтіген. Оқиғаға байланысты 19:00-22:00 аралығында Кельн-Бонн әуежайы жұмыс істеуді тоқтатқан. 10 рейс басқа әуежайға жіберіліп, 20 әуе сапары кейінгі шегерілген.

Соңғы уақыттары Европаны дүр сілкіндерген теракті оқиғаларынан кейін тәртіп сақшылары кез-келген сәтте туындайтын қауіп-қатерге дайын режимде жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Лондон терактісі: Полиция террористердің жалған белдіктерінің суретін жариялады

Ұрланған балалық: Әуе шарын сатушы жеті жасар баланың тағдыры (фото, видео)

18-қабаттан құлаған ер адам ғажайыптың күшімен аман қалды (видео)

Дәрігерлер әйелдің құлағынан өрмекшіні шығарып, оны бас ауруынан құтқарды (видео)

Талқылау