Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр

Алматы облысында апатқа ұшыраған Як 12 ұшағының құлауына күн райының күрт ысуы себеп болуы мүмкін. Қираған ұшақ тиесілі  «Қазавиа» әуе компаниясының басшылары осындай болжам жасап отыр. Марқұмдардың туыстары мүрделерді мәйітханадан алып кете алмай жүр. Сараптама жасаймыз деген мамандар денелерді Жаркенттің тоңазытқышы жоқ мәйітханасында ұстап отырған көрінеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

пе

Асыраушысынан қапыда көз жазып қалған Мәсімовтар әулеті оны жоқтап зар жылап отыр. 39 жастағы Мәсімжан жүгері алқабын дәрілеуге келген ұшқышқа егістікті көрсету үшін Як-12 ұшағына отырған.  Бірақ олар діттеген жеріне жетпей жарты жолда құлады. Ұшақта болған екеуі де қаза тапты. Мәсімжан Мәсімовтің соңында 5 бірдей баласы қалды.

“Артында 5 баласы, 6 қарындасы, анасы әкесі қалды. Бәрін жылатып қалдырып кетті. Ол өлетін бала емес еді”, – дейді Мәсімжан Масимовтың қарындасы Махирем Масимова.

Марқұмдардың денесін сараптама жасау үшін кеше Жаркенттегі мәйітханаға алып кеткен. Мәсімжанның  туыстары ол жерде тоңазытқыш жоқ екені, ал мүрделердің бұзылып жатқанын айтуда. Бірақ мамандар сүйекті жақындарына бермей отыр. Арнайы топ апат болған жерге де ешкімді жолатпайды. Бірақ біз қираған ұшақты жақын барып түсіру мүмкіндігін қалт жібермедік.

Міне біз апат болған жерге барынша жақындап келдік. Мына белгіден ары өтуге болмайды. Десе де осы жерден барлығы анық көрінеді. Ұшақтың алдыңғы бөлігі түгі қалмай жанып кеткен. Бөлшектері болса 20-30 метр аралықта шашылып жатыр. Бүгін бұнда Астанадан арнайы комиссия келіп сынама алды. Енді жақын уақытта апаттың нақты неден болғаны анықталмақ.

Сарапшылар қандай да бір ақпарат беруге асығар емес. Жаркенттен жеті шақырым жердегі Шолақай ауылының тұрғындары апатты қорқынышпен еске алады. Ұшақтың жер бауырлап барып құлағанын елдің бәрі көрген екен. “Дауыс шықты гүрілдеген. Далаға шықтым. Қарасам былай айналып кетті. Төмен барып құлады. Жүгіріп барсақ бәрі өртеніп күйіп кеткен”, – дейді Шолақай ауылының тұрғыны Ислам Ибраимов.

Қираған ұшақ «Қазавия» әуе компаниясына тиесілі. Аталған мекеме басшылығы әуе көлігі толық тексеріліп, 2017 жылдың қарашасына дейін ұшуға рұқсат берілген деп отыр. Олардың пайымдауынша, әуе көлігінің құлауына күннің қатты ысуы себеп болуы мүмкін.

“Біз марқұмдардың туыстарына бардық. Оларға барлық көмекті аямаймыз. Жерлеу рәсіміне көмектесеміз. Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Ауа райы деп отырмыз. Мамандар зерттеу қорытындысын өздері айтады”, – дейді «НАК Қазавия» ЖШС директоры Игорь Сухоруков.

Мәсімжан Мәсімовтің туыстары әуе комапниясынан бізге ешқандай көмек керек емес. Бастысы бауырымыздың сүйегін қорламай қолымызға берсе деп отыр. Ал ұшақтың нақты неден апатқа ұшырағаны анықталмайынша елімізде Як 12 ұшақтарының ұшуына тиым салынды.


Жіберіп алмаңыз:

Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты

Дәрігерлер: Иттен жұғатын аурулар мүгедектіктен адам өліміне дейін апаруы мүмкін

Талғар қаласындағы мейрамханада құрттап кеткен котлет берген (фото)

Қарағандыда өлі күйінде табылған жігіттің анасы оқиғаға полицейлерді кінәлайды (фото)

Талқылау