Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатынан кейін аман қалудың жолдары белгілі болды

Әуе апаты кезінде жолаушылардың қауіпсіз жерге шығару бойынша тренингтен өтіп жатқан жеке меншік ұшақтың бортсерігі ұшақ апатынан кейін қалай аман қалу керектігін айтты.

 Ұшақ апатынан кейін аман қалудың жолдары белгілі болды

Бұл туралы Daily Express басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Тренингте бізге үйреткен ең басты ереже – құлаған ұшақтан барынша алысқа қашу», – дейді бортсерік.

Оның сөзінше, адамдардың көбі ұшақ құлағаннан кейін көз жұмады.

«Егер ұшақ құлағаннан кейін аман қалсаңыз, артынша түтінге тұншығып өлуіңіз мүмкін. Себебі ұшақтағы қираған заттар мен басқа да жолаушылар үшін әуе кемесінен тез арада шыға алмайсыз», – дейді әуе қызметкері.

Сонымен қатар ол ұшақпен ұшқан кезде шығатын есіктің жанындағы орынды брондап қоятынын айтты. Бұл апат кезінде алдымда үрлемелі басқышқа секіруден қорқатын адам болмас үшін қажет, дейді ол.

Өз сөзінде бортсерік ұшақтан шығатын есіктің жанында отырған әр адам апат есігі қалай ашылатынын білуі керектігін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау