Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлердің жесірлері Шекара қызметін сотта жеңіп шықты

Әуе апатында көз жұмған шенді шекарашылардың жесірлері  сотта ақыры жеңіп шықты. Енді Шекара қызметі марқұмдардың отбасыларына өтемақы ретінде 1 миллиард теңге төлеуі тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

кк

Яғни, қара жамылған 26 отбасының әрқайсысы 57 миллион теңгеден алады. Астана соты шығарған шешім бір айда күшіне енуі керек. Сағызша созылған іс осылайша жәбірленуші тараптың пайдасына шешіліп отыр.

Негізі, сақтандыру компаниясы марқұмдардың шаңырағына деп әу баста 1 миллиард теңге бөлген. Сол ақшаны жәбірленушілерге үлестерудің орнына, Шекара қызметі республикалық бюджетке аударып жіберген болатын. Ал офицерлердің жесірлері өтемақының өздеріне тиесілі екенін ақыры дәлелдеп шықты. Шекара қызметінің басшылары отырған ұшақ 2012-ші жылдың желтоқсанында Шымкент маңында апатқа ұшыраған. Салдарынан 27 адам көз жұмды.

-“Бұл әкесі қаза тапқаны үшін біздің балаларымызға берілген ақша. Сондықтан мемлекет бюджетін жабу үшін оны бізден алмауы тиіс. Сот шешіміне ризамыз. Енді Шекара қызметі апелляциялық шағым түсірсе де Жоғарғы сот бізді қолдайды деп ойлаймын”, – дейді Татьяна Рахман.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада ұшақ апатынан қаза тапқан офицерлердің әйелдері Шекара қызметін сотқа берді

Талқылау