Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшағы апатқа ұшыраған «East Wing» компаниясының тағы бір былығы әшкере болды

Ұшағы апатқа ұшыраған «East Wing» компаниясының тағы бір былығы әшкере болды. Аталған мекеменің Денсаулық сақтау  министрлігіне қарасты Санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасарына қозғалған қылмыстық іске де қатысы бар екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мадияр Шалғынбаев биыл сәуірде 2 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Ал «East Wing» компаниясының басшылары Шалғынбаевқа тұрақты ауызбастырық беріп келген деп айыпталуда. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, мекеме сол арқылы   науқастарды тасымалдау үшін мемлекеттік тендерде жеңіске жетіп отырған.  Енді депутаттар «East Wing» компаниясын да жіті тексеруді талап етуде.

«Жеке меншік фирма бар ғой, тендерді ұтып алған. Солардың құрылтайшыларын жауапқа тарту керек. Кім екенін белгілеу керек, біріншіден. Естуімше, екі-ақ ұшағы бар екен. Сол ұшақты техникалық дұрыс жағдайда ұстауы қажет еді. Санавиацияны басқарып отырған қызметкерлерді де күшейту керек жауапкершілігін», – дейді Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым.

«Шымкент қаласына ұшып бара жатқан болса, қалада сондай дәрігерлердің болмағаны өкінішті. Және сағатына 300 шақырым ғана алатын түнде беймезгіл уақытта ұшырмай-ақ қою кеерк еді.. Ұшқыштардың өзіміздің отандық азаматтарды, өзге мемлекеттен емес алған дұрыс деп ойлаймын», – дейді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы маңында құлаған ұшақ жарты жыл бұрын толық жөндеуден өткен

Алматы түбінде ұшақ құлаған сәттің видеосы пайда болды (видео)

Ақтау тұрғыны өзінен жүкті болып қалған қызды өлтірем деп қорқытып, баласын алдырмақшы болды

Маман: АН-28 ұшағын нашар ұшқыштың өзі қирата алмайды

Талқылау