Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш жылдан бері хабар жоқ: Алматылық әйел 5 баласымен Сирияға кеткен қызын іздейді  

Алматылық Қалпия Құрманқұлова 5 бірдей баласымен Сирияға кеткен қызын іздейді. Айтуына қарағанда, 2016 жылы жалғыз қызы күйеуінің соңынан еріп, елден кеткен. Содан бері олардан ешқандай хабар жоқ. 

Үш жылдан бері хабар жоқ: Алматылық әйел 5 баласымен Сирияға кеткен қызын іздейді

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалпия Құрманқұлова 12 жыл қызы мен күйеу баласының өз қолында тұрғанын айтады. Соған қарамастан, олар Сирияға кетерінде ескертпеген. Аналарының үйде жоқтығын пайдаланып, жүктерін алып кеткен.
Айтуынша, 2006 жылы күйеу баласы намазға жығылып, бір жылдан кейін әйелін де дін жолына түсуге мәжбүрлеген. 

"Күйеубаламның кесірінен қызымнан айырылдым", - дейді Қалпия ханым.

Сөзіне қарағанда, 12 жыл ішінде күйеу баласы жетістіріп жұмыс істемеген. - Бірақ мінезі ашық әрі қатал болатын, - деп еске алады өзі.

Үш жылдан бері хабар жоқ: Алматылық әйел 5 баласымен Сирияға кеткен қызын іздейді

Қалпия ханым құзырлы органдар арқылы қызының Қырғызстан арқылы Түркияның шекарасынан өткенін анықтаған. Әрі қарай еш хабар жоқ. Алайда ол балаларының Сирияда екеніне сенімді. Жалғыз қызын аялап өсірген ананың бүгінде бір-ақ тілегі бар. Қызым мен күйеу балам сол жақта қалса да, немерелерімді қалай да елге қайтарсам дейді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр