Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұрып-соққан: Қарағандыда денесі аяусыз көгерген 4 айлық сәби ауруханаға түсті

Қарағандыда 4 айлық сәбидің денесінен көгерген іздер табылды. Сәбидің бірнеше ауруға шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Бүлдіршін қазір балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінде көгерген іздер көп. Дәрігерлер тиісті қызметті көрсетті. Қыз баладан өткір респираторлық вирустық инфекциялар, жедел бронхит, ішек аурулары және зәр жолдарының инфекциясы анықталды. Сәбидің жағдайы жақсарып қалған. Оны бөлімге ауыстыру жағы қарастырылып жатыр”, – дейді облыстық ДСБ баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Полиция қыз баланың денесіндегі көгерген іздердің себебін анықтап жатыр. Облыстық ІІД-нің хабарлауынша, осы факті бойынша «Кәмелетке толмағандарға қатысты орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау