Ұры жағалауда жүрген Ақтау тұрғынының қолынан фотоаппаратын тартып алған
61 жастағы Ақтау тұрғыны құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Ол 21 ақпан күні белгісіз біреудің шабуыл жасағанын полицияға айтқан.
Сурет gadgetguy.com
Бұл туралы tumba.kz сайты хабарлайды.
Ақтау тұрғыны түскі сағат 16.00 шамасында жағалауда серуендеп әрі суретке түсіріп жүреді. Алайда оқыстан келген ұры, оның қолындағы «Nikon» фирмасының фотоаппаратын жұлып әкеткен. Зардап шегуші шығынды 270 000 теңгеге бағалап отыр.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары мен ұрыны іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Талқылау