Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұры спортшы қызды тонаймын деп өзі соққыға жығылды

Абсолюттік күрес чемпионатының (UFC) спортшысы Польяна Виана өзін тонамақ болған ұрыны соққы астына алды.

Оқиға Рио-де-Жанейрода болды. Бұл туралы спортшы қыздың өзі айтты.

Бойжеткен өз үйінің ауласында такси тоқтатып тұрады. Осы кезде оған бейтаныс ер адам келіп, уақыт сұрайды. Бойжеткен оған жауап береді, бірақ оның ешқайда кетпей тұрғанын байқайды. Виана телефоны алғанда оған бейтаныс жігіт “телефоныңды бер, қарсыласам деп ойлама, менің қаруым бар” дейді.

Спортшы қыз ол қаруын алғанша соққы астына алып үлгереді. Бірнеше рет соққы жіберген соң, оны ұстап тұрып өзге адамдардан полиция шақыруын сұрайды. Құқық қорғау органдары келіп, ұрыны алып кетеді. Жігіттің бет-аузы көгеріп, ісіп кетеді. Оның суретін UFC басшысы Дэйна Уайт желіге жариялады.

27 жастағы Виана мансабын 2013 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін 12 жекпе жек өткізіп, 10 рет жеңіске жетті. Екі рет  жеңіліс тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау