Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұры өз қылмысын жасыру үшін 9 бірдей бриллиантты жұтып қойған

Гонконгте сәндік әшекейлер дүкенін тонамақ болған Иордания азаматы бағасы 6 миллион доллар тұратын 9 бриллиантты жұтып қойған.

988

Оқиға дүкен қызметкерлері түскі асқа кеткен кезде болған. Ұры офисте жалғыз қалған әйелді ұрып құлатып, сейфті ашпақ болған. Бірақ, осы кезде дабыл жүйесі іске қосылады. Оқиға орынына жеткен дүкен иесі мен полиция ес-түссіз жатқан әйел мен ұрының үстінен түседі.

Дереу ұсталған ұрлықшыдан бағасы 5,4 миллион доллар тұратын сегіз бриллиант тәркіленген. Оған тағы да 9 қымбат тасты жұтып қойған деген күдік келтіріліп отыр. Сол күдікпен ер адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Әзірге оның қымбат тастарды жұтқан-жұтпағаны нақты белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қытайда ер адам елес сияқты киініп, ұрлық жасауға талпынды (видео)

Әйелі қайтыс болған полицейдің ұрығын сақтап үш жылдан соң қыз босанды

Қаламын алғаны үшін ашуланған әкесі 10 жасар қызын шөл далаға апарып тастаған

Келіншек қатерлі дертпен ауырам деп өтірік айтқаны үшін сотталды

Талқылау