Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұры қымбат алқаны ұрлау үшін 40 моншақты жұтып қойған

Қытай тұрғыны құны 1 миллион еуро тұратын қымбат алқаны ұрлау үшін, 40 моншақты бір-ақ жұтып қойған. Хоу есімді 49 жастағы тұрғын сатып алушы болып өтірік айтып, алқаны ұрлап кеткен. Күдікті тастарға жарық бар жерде қарауды ұсынған, осылайша далаға шыққан ол моншақты үзіп жіберген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұры қымбат алқаны ұрлау үшін 40 моншақты жұтып қойған

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрының серіктесі болған – 24 жастағы Чжоу атты қыз. Олар алқаны сатып алмақ болып, сатушыны алдаған. Олар Гуандун аймағындағы дүкенге бір апта бойы келіп тұрған. Ұрлық жасайтын күні таңғы 11 де келіп, алқаға жарық жерде қарауды сұраған. Қыз болса іште сатушымен бірге қалған.

Хоу далаға шыға салысымен алқаны үзіп, барлық моншақтарды жұтып қойған. Дүкен қызметкерлері полицияға хабарлаған, ұрыларды көп ұзамай тапқан, бірақ оларда алқа болмаған. Сол кезде тәртіп сақшылары күдіктіні рентгенге түсіруді ұйғарған.

Қазір күдікті қамауға алынды. Моншақтардың жартысы полицияларға берілді, қалған жартысы әлі күнге дейін Хоудың ішінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау