Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үркіген ат мені алып қашты": Ипподромға барып, жарақат алған ару әділдік іздейді

Ипподромға атпен серуендеуге барып, жарақат алған Айгүл Қасенова әділдік іздейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" анарысына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы ипподромның бірінде серуендеген Айгүл Қасенованы құлаған қоршаудан үркіген ат алып қашқан. Аттан құлаған арудың 4 қабырғасы сынып, жұлыны зақым келді.

Осыдан жарты жыл бұрын Талғарда демалыс өткізгісі келген Айгүл Қасенова ипподром әкімшілігінен тиісті өтемақыны ала алмай дал болып жүр. Жәбірленуші қауіпсіздікті қадағаламаған ипподром басшыларын кінә артып отыр. 

"Нұсқаушы мені жылқыға мінгізіп, өзі алыста тұрды. Ер тоқымнан қозғалмай отырғанмын. Қоршауда тұрған құбыр еңкейген сәтте жылқының мойнына құлап, үркіген ат мені алып қашты. Үзеңгіден аяғымды шығармай отырсам да жерге құлап түстім", - дейді Айгүл Қасенова.

Жылқыдан жәбір көрген Айгүл Қасенова сотқа да шағымданып, әділдік таба алмай жүр. Талғар аудандық соты жәбірленушінің айбын орынсыз деп тапқан.

«Жылқы көлік боп есептеледі, сондықтан оған мінген адам қауіпсіздікке өзі ғана жауапты», - деп шешім шығарды сот.


 

Талқылау