Саяхатшы Үрімші мен Қашқарда болып қайтты: Ол онда не көрді

Өткен айда Синьцзян өлкесінде, оның ішінде Үрімші мен Қашқарда болып қайтқан британдық фотограф Дэниель Хинкс (DANIEL HINKS) ерекше фотосуреттермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz SupChina басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Саяхатшы Үрімші мен Қашқарда болып қайтты: Ол онда не көрді

"Менің сапарым 27 қаңтардан 5 ақпанға дейін жоспарланған еді. Әрине, Синьзцян дегенде көпшіліктің ойына туризм келмейді. Көз алдыңызға халықты жаппай аңдыған полицейлер, саяси идеологиялық ұстаным, терроризм мен сепаратизм аралас соңыстың қытайлық нұсқасы келеді. Бірақ мен соған өзім көз жеткізгім келді", - дейді саяхаттаушы. 

- Айтуына қарағанда, бұл мекендерде камерамен жүру оңайға түспеген. Себебі әскерилердің қатаң бақылауы бар. Ешқандай қызығы мен тәттісі жоқ Диснейлендте жүргендей күй кешесіз, - дейді автор. 

- Жолда кездескен туристердің көпшілігі маған сақ болуды ескертті. Себебі кез келген жерде полицейлер сенің құжатыңды сұрауы мүмкін, - деп жалғады сөзін саяхаттаушы. 

Ол полицейлермен бетпе бет келуге мәжбүр болғанын айтады. Сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары оны аңдып, кей фотоларды өшіруін талап еткен. 

"Әйткенмен қалған суреттерді назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын. Басқасын былай қойғанда, ондағы халықтың күнделікті өмірі мен тұрмысын көрсеткім келді", - дейді фотограф-саяхаттаушы. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр