Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада ойындарына билет сатып алған бойжеткен баспаналы болды

Екі мың теңгеге 2 бөлмелі пәтер. Универсиада ойындарына билет сатып алған бойжеткен баспаналы болды. Ұтыс ойындары 15 ақпанда ойнатылды.

20170217145230-620x330

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Ойын жеңімпазына арнайы сертификат табысталды. Пәтерден бөлек, көптеген бағалы сыйлықтар да ұтысқа түскен болатын. Олардың қатарында, тұрмыстық техника, кез келген бағыттағы «Эйр Астана» билеттері және Саппороға, Жапонияға саяхат бар.

Жұлдыз өз ұтысы туралы соңғы сәтке дейін білмеген. Универсиада өкілдері кеңсеге шақырғанда, ол қандай сыйлық күтіп тұрғанынан хабары болмады. Бойжеткенке термос сынды сыйлық ұтып алдым деген ой келген. Жолы болғыш арудың баспаналы болғанын есіткенде, қуанышын жасыра алмай жылап жіберді.

Бақытты билеттің иесі Жұлдыз оны өзіне емес, әпкесіне сатып алған. Мәнерлеп сырғанау ойынын сүйіп қарайтын туысқанына Жаңа жылға тарту жасап, 4 билет сыйлаған. Жұлдыздың әпкесі әсіресе Универсиада ойындарының чемпионы Денис Теннің жанкүйері болғандықтан, 4 ақпанда өткен ерлер арасындағы жарысқа билет алған. Өзінің пәтер ұтып алғанын ең алдымен сол апайына хабарлады.

24 жастағы Жұлдыз Алматыға Қызылордадан 7 жыл бұрын келген. Ол бұған дейін өз туысқандарымен бірге тұрып келіпті.

«Баспана мәселесі бұрыннан болды. Қалай да оған қол жеткіземін деп жүрдім. Бірақ мұндай қуанышқа кенелемін деген ой болған жоқ», – деді  ұтыс ойынының жеңімпазы Жұлдыз Жұмаділова.

«Жұлдыз билетті электрондық төлем арқылы сатып алған. Жалған билет емес, тексердік. Ойын шарты бойынша жеңімпаз Қазақстан азаматы болуы керек, Универсиадаға қатысы бар құрылымда қызмет етпеуі керек. Туысқаны да болмауы тиіс. Билік құрылымдарында да байланысы жоқ», – деді «Универсиада-2017» билеттерді жүзеге асыру департаментінің басшысы Вадим Дерчагев.

Жұлдызға жаңа пәтер «Алматы Арена» мұз сарайына қарама-қарсы орналасқан «Алмалы» тұрғын үй кешенінен беріледі. Енді жуық арада жаңа пәтердің кілті табысталатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Полицей аман алып қалған павлодарлық оқушылар шахматтан облыс чемпиондары атанды

Алматының пәк қыздары желіде бүркеншік атпен топ ашып алған

Қостанайда жоғалған әйелді күйеуі, досы мен күйеубаласы өлтіргендерін мойындады

Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуір айына ауыстыруды ұсынды

Талқылау