Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Универсиада ойындары: Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасын ойсырата жеңді

Қазақстанның шайбалы хоккейден құрамасы Универсиада ойындарында ұлыбританиялық команданы ойсырата жеңді, деп хабарлайды Универсиаданың сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Универсиада ойындары: Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасын ойсырата жеңді

Қазақстандық хоккейшілер ұлыбританиялықтардың қақпасына 17 шайба соқты. 6 наурызда өткен ойын 17:1 есебімен аяқталды. 

Ойынның алғашқы кезеңі 5:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды. Ал екінші кезеңде ұлыбританиялық команданың қақпасына тағы 9 шайба соғылды. Қалған 3 голды қазақстандықтар соңғы кезеңде соқты.

Үш рет жеңіске жеткен Қазақстан В тобында Канадамен қатар көш бастап тұр. 

Ендігі қазақстандық хоккейшілер 8 және 9 наурыз күндері Швейцария және Канада құрамаларымен кездеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр