Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада-2017 жеңімпаздарына қанша қаражат берілетіні белгілі болды

Келесі жылы Алматыда өтетін Универсиада-2017 спорттық додасы барысында жүлде алған қазақстандық спортшылар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады.

The Adobe Image Library ©1998 Adobe Systems Incorporated Snowboarder in mid-air

Фото: www.unikaz.asia 

Бұл туралы бүгін астанада ОКҚ баспасөз мәслихатында Универсиада-2017 дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров мәлім етті.

«Олимпиада Ойындарындағыдай ҚР Үкіметінің Қауылысымен студенттерге сыйақы тағайындау  қарастырылған. Ойынға қатысу кезінде барлық спортшылар студент болулары шарт. Бірінші орын үшін сыйақы көлемі 15 мың АҚШ долларын құрайды, күміс – 10 мың, қола – 5 мың доллар», – деп хабарлады Нұров.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Универсиада ойындары өтеді. Жарыс 12 спорт түрі бойынша өтеді және оған 50-ден астам мемлекеттен спортшылар қатысады деп күтілуде.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, спортшылар қатаң допингтік тексеруден өтетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде өтетін әлемдік қысқы Универсиадаға қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Алматыда өтетін Универсиаданың бюджеті екі есеге қысқарып, бөлінетін ақша 17 миллиард болып бекітілді

Талқылау