«Универ» сериалының жұлдызы Атырау облысының жолдарын сынға алды (видео)

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 18:24

Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушин Астраханьнан Атырауға келе жатқан сапарында жаман жолдарды сынға алды. Ол жолдарды видеоға түсіріп желіге жариялаған.

20160831170330

«Мұндайды көріп, жағамды ұстадым. Мына жолмен айналысатын адам бар ма? Астрахань-Атырау жолын қолға алыңдаршы. Мұнда жүру мүмкін, Бұл жерде соғыс жаңа аяқталғандай болып жатыр, – дейді.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі аталған видеоға байланысты түсініктеме берді.

«Ақтөбе-Атырау» жолдары – Ресей Федерациясымен жалғасатын мемлекеттік шекара. Жолдар мемлекеттік  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынып, 2015 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «НК ҚазАвтоЖол» АҚ-ның облыстық филиалының әкімшілік бағдарламасы аясында жер учаскелерін жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, «КостанайДорПроект» ЖШС-тің қатысуымен 468 шақырымнан 330 шақырымға дейінгі жобалық-сметалық жер құжаттары құрылды.

2015 жылы мемлекет есебінен 279,1 млн теңге, 2016 жылы 872,2 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 9,6 шақырым жолдың төменгі қабаты жасалды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Жолаушылар әлеуметтік желілерде ұшу барысында жарылған «Боинг» қозғалтқышының суретін жариялауда (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар