Унитаз арқылы үйіңізге жылан немесе көртышқан кіруі мүмкін

Дүйсенбі, 30 Мамыр , 2016 16:32

Таяу күндері Таиланд тұрғынының зәре-құтын алған оқиға орын алды: ол дәретханаға кіргенінде унитаздан атып шыққан үлкен питон жыныс мүшесіне шап берген. Кәріз жүйесі арқылы үйіңізге тағы қандай жануарлар енуі мүмкін? Оны бірге білейік!

51bf32f131de005c31d46bf0e0b69061

Аттапорн Бунмакчауидің 3 мертрлік жыланмен кездесуі Бангоктағы өз үйінде болған.

«Сол сәтте жыныс мүшемді шауып тастағандай сезімде болдым. Питон жармасып алған еді»,- дейді ол.

Аустралиялық Queensland Wildlife Solutions жануарларды қорғау ұйымының қызметкері Джефф Джейкобстың айтуынша, үйдегі кәріз құбырына жылан кіріп алатын жағдайлар жиі болып тұрады екен. Джейкобстың тәжірибесі де мол: соңғы 20 жыл бойы ол жыландарды аулаумен айналысып келеді.

«Жыландар көртышқан қалдырған із бойынша жорғалайды. Бүкіл әлем бойынша кәріз құбырларында көртышқандар бар. Ал жылан олардың ізімен келеді»,- деп түсіндіреді Джейкобс.

Жыл сайын Джейкобс дәретханадан 4-5 жыланды суырып алады. Олардың көбі көк бойга, аустралиялық су питоны екен.

Алайда ол өз кәсібінің жағымсыз жақтарын да айтып өтті: «Сіздер унитаздың тек таза бөлігін ғана көресіздер. Ал 30-40 жыл бойы тұрған унитаздың ар жағында не болып жатқанын ойлаңызшы. Мұндай жағдайлар үшін өзіңмен бірге залалсыздандыратын ерітінді алып жүруге тура келеді. Жыланның құйрығынан немесе ұстауға ыңғайлы келген жерінен шап бересің де, өзіңе қарай тартасың».

Алайда сіз тұрған жер жыландардан ада болса да, көртышқандар жайлы естен шығармағаныңыз жөн.

«Таңғы сағат үш-төрттердің кезі еді. Кенет жуынатын бөлмеден қатты шыққан дыбыс естідім», – дейді Лондонның беделді аудандарының бірі Майда-Вейлдегі көпқабатты үйдің жертөле қабатында өмір сүрген Танзи Акед.

«Ұйқылы ояу халде жуынатын бөлмеге бақа кіріп кеткен екен деп ойладым. Алайда дәретханаға бас сұққанымда, унитазда шылпылдатып жүрген бақа емес, көртышқан екеніне көзім жетті. Унитаз беті жабық болған соң көртышқан бері шыға алмай, қайта-қайта қақпағына ұрынған», – деп жалғыстырады ол сөзін.

Алайда Танзидің түндегі қорқынышы мұнымен аяқталмаған еді. Бір сағат өткен соң жуынатын бөлмеден тағы да біртүрлі дыбыс естіген ол унитаздың су ағызатын тетігін басады.

Таңертең жуынатын бөлмедегі шкафты ашқан Танзи көртышқандардың мұнда да болғанын байқайды. Оған қоса, олар әліге дейін еденкемердің арғы жағында өз тірліктерін жалағастырып жүрген еді. Сондықтан Танзи көртышқан аулаушыға қоңырау шалып, бір сағаттан соң маман көмекке келіп жетеді.

Ол көртышқан жүрген жердің бәріне у шашады. Десе де үй иесіне удың үй ішіндегі көртышқандарға әсер еткенімен, басқа да кеміргіштердің унитаз арқылы қайта келуі мүмкін екендігін ескерткен.

Бірақ араға бірнеше апта сала өзге пәтерге көшіп кеткен Танзи әрі қарай не болғанынан хабарсыз.

«Ең қорқыныштысы сол, мен унитазда отырған кезде суда жүрген көртышқан маған тап беруі мүмкін еді», – дейді Танзи Акед.

Сондықтан үнемі сақтық танытқандарыңыз абзал.

Оған қоса, сәуір айында егде жастағы ер адамның құйрығын унитаздан шыққан көртышқан тістеп алғаннан кейін, Ирландиядағы Корк графтығының тұрғындарына дәл осы жағдай үшін ескерту жасалған-ды.

Жергілікті Сork Evening Echo баспасы жергілікті муниципалитет басшысының унитаз қақпағын үнемі жауып жүріп, жауапты сәттерде сақ болуға шақырған үндеуін жариялады.

Кейбір мемлекеттердегі дәретханаларда улы өрмекшілер де қауіпті болып отыр.

Джефф Джейкобстың жылан аулаумен ғана айналысатынына қарамастан, бұл ретте Аустралияда су өрмекшісінің қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады. Себебі олар төбеден түсіп қана қоймай, төменнен жорғалап шыға алады.

«Су өрмекшілері суда жүре алатындықтан, олардың қай жақтан шығатынын білмей де қаласың», –  дейді ол.

Олар жүзе алмағанымен, суда 30 сағат бойы тіршілік ете алады.

Аустралиялық Музейдің вебсайтында көрсетілгендей: «Олар ішінің тұсындағы түктерінде аздаған ауа көпіршігін ұстап тұра алады. Тыныс алып, су бетінде қалқып тұруы үшін соның өзі жеткілікті».

Ал Нью-Йоркте 1930 жылдардан бері кәрізде жүзіп жүрген қолтырауындар жайында айтылып келеді. Десе де, ол тек қалалық аңыз сияқты.

Алайда Париждегі Жаңа көпір астындағы ағын судан 1980 жылдары қолтырауын табылған еді.

Бірақ әзірге  унитаздан атып шыққан қолтырауын жайлы әңгімелер естіген емеспіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар