Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Асылым, алтыным менің": Қызын туған күнімен ерекше құттықтаған Айқын жұрттың жүрегін елжіретті

Қызын туған күнімен ерекше құттықтаған Айқын Төлепберген жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына бірінші әйелінен туған қызын туған күнімен құттықтаған видеосын жүктеген. Кішкентайына гүл мен шар, қонжық сыйлап, тосын сый жасады өнер иесі.

«Асылым, алтыным менің.Тәтті қызым, туған күніңмен!» - деп жазды Айқын Төлепберген.

Бейнежазбада Айқынның фототүсірілім туралы айтқандары да бар. Үнемі күліп жүретін әншінің қызы түсірілім барысында күлмей қойған сыңайлы. Екі мәрте шаңырақ құрған Айқын осылайша көңілді отбасылық отырыстың видеосымен бөлісті. 

«Өмірімізде бір рет фототүсірілім жасап едік, қызымыз жылап. Үнемі күліп жүретін қыз, қырсығып қалды, әрең түсті, бәріне ұрысып. Ей, жаман қыз. Жөндеп түспейсің бе суретке», - деген бейнежазба салды ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр