Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістандық кәсіпкер Қазақстанда тау-шаңғы демалыс орнын салмақ

Үндістан инвесторлары Түркістан аймағында тау шаңғысы курортын және азық-түлік паркін салуды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлер Алматыдағы аймақтық билік органдарымен жобаларды іске асыруды талқылады.

Фото: Самат Мырзалиев

Түркістан облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қонақтарға аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Кездесуге сондай-ақ "Қазақстан Инвест" ұлттық компаниясының өкілдері және Үндістанның Қазақстандағы елшісі Болат Сәрсенбаев қатысты.

Үндістанның Chaudhary Group (CG Global) компаниясының басшылары Бинод мен Варун Чаудхари курорт пен қонақ үйлер салу жоспарын талқыға салды. Үнді компаниясы инфрақұрылымдыөз мойнына алуға ниетті. Жобаны жүзеге асыру кезінде CG Global ең жақсы халықаралық тәжірибені пайдалануды, сондай-ақ әріптестер ретінде Испания мен Швейцариядан мамандарды тартуды жоспарлайды.

Сонымен қатар, инвесторлар кеспе өндірісін кеңейтуге, аймақта азық-түлік паркін құруды жоспарлап отыр.

Жақын арада Chaudhary Group өкілдері жедел кеспе өндіру зауытының құрылысы туралы білу үшін Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының өнеркәсіптік аймағына барады.

Кәсіпорынның ашылуы 2019 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны 15 миллион доллар. Өнімдер Қырғызстанға, Ресейге және Өзбекстанға экспортталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Непалда және Үндістанда жұмыс істейтін CG тобының қызметкерлері алты мың адамды құрайды.

Бинод Чаудхари Forbes журналы бойынша Непалдағы жалғыз миллиардер, оның байлығы шамамен 1,6 миллиард доллар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр