Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам пойыз астына түсіп аман қалды (видео)

Үндістанның батысындағы темір жол станциясының қызметкері жолаушылардың көзінше пойыз астына түсіп, аман қалды, деп хабарлайды Local Press Co басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Ер адам Керл станциясына келе жатқан пойыздың жолына түсіп, жатып алған. Пойыз жүйткіп өткеннен кейін ол орынан тұрып, платформаға қайтып келген.

Оқиға 28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында орын алған. Бастапқыда жолаушылар ер адам өзін-өзі өлтірмек болды деп ойлаған. Есі шыға айқайлаған олар пойыз жақындап қалғандықтан, ер адамға көмектесе алмапты.

Мұнан кейін ер адамның 42 жастағы Вишвас Бансоде екені анықталған. Ол оқиға орын алған кезде мас болған екен. Сондықтан ер адамды жиені темір жол станциясынан алып кетіпті.

Ер адамның аталған әрекетіне қатысты қандай да бір шара қолданылатын, қолданылмайтыны әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар адамша жуынған тышқан туралы видеоның құпиясын тапты

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді (фото)

Қазақ журналисі: Имамдар бүкіл дәстүрімізді жоқ қылатын түрі бар

Қызықты сауалнама: Шетелдіктер Қазақстанның Туын мүлдем білмейтін болып шықты (видео)

Талқылау