Үндістанда 3 жасар қыз зорланғаннан кейін тұрғындар жаппай наразылық танытты

Үндістанда 3 жасар қызды зорлаған күдікті тұтқындалғаннан кейін Джамму және Кашмир штатында жаппай тәртіпсіздік орын алды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News18 Urdu басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жергілікті тұрғындар көшелерге шығып, іс бойынша тыңдалым тым ұзаққа созылғанына наразылық танытқан. Өз кезегінде билік азаматтардан озбырлық танытпауын сұрады. 

Оқиға 9 мамырда Бандипур ауданында орын алған. India Today басылымының мәліметінше, қылмыскер бүлдіршінге кәмпит беремін деп алдап, арам пиғылын іске асырған. 

Жергілікті мектеп күдікті Тахир Ахмад Мирдың туу туралы куәлігін қолдан жасап, оны кәмелет жасқа толмаған бала етіп көрсетпек болғаннан кейін, елде алғашқы наразылықтар басталған. Қазіргі уақытта сот сараптама нәтижесін күтіп отыр. Оның нәтижесінде күдіктінің нақты неше жаста екені анықталады.

Штаттың саяси және діни қайраткерлері азаматтардың наразылық танытуына ықпал еткен.

«Мұндай жағдайларда шариғат заңдарын енгізіп, осындай педофилдерді таспен атқылап өлтіру керек», - деп жазған Халықтық демократиялық партияның басшысы Мебуба Муфти Twitter желісінде.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр