Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ұлытау” тобының Астанадағы концертінде дау шықты

Астана күніне орайластырылған “АБК” тобы мен “Ұлытау” аспаптық тобының концерті дауға ұласты. Концертке келушілердің қолындағы билеттегі көрсетілген орындар залда жоқ болып шыққан. Сәйкесінше, бір орын екі рет сатылған.

ill7

Сурет ulytau.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, шу бойынша әлі нақты ештеңе белгісіз, бірақ мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқан көрінеді.

“Дәл қазір ештеңе айта алмаймыз. Адамдарға қатары мен орыны көрсетіліп фан-зона билеттері сатылған. Енді алты мың теңгеге апта бұрын сатып алған билеттеріндегі орын жоқ деп шағымдануда”, – дейді ұйымдастырушылар.

“Бұл музыканттардың кінәсі емес, олар фантастикалық шоу жасады. Тек ешкімге керек емес жайсыз жағдай болды. Фан-зонадағы нағыз билеттер үш мың теңге тұрады. Олар орынсыз қалды. Бұл сұрақ билеттерді басып шығарып, сатқан адамдарға қойылуы керек”, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Айта кетсек, “жалған” билеттермен келген көрермендер де концертке кіргізілді.

Еске сала кетсек, “АБК”-ның 20 жылдығы мен “Ұлытау” тобының 15 жылдығына арналған концертке 10 мыңдай көрермен келген.

Талқылау