Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ұлытау” тобы 15 жылдық мерейтойын Нью-Йоркте атап өтпек

“Ұлытау” этно-рок тобы өзінің он бесінші туған күнін Нью-Йорк қаласында атап өтпек. Аталған топ бүгін Америкаға визаларын алып, сапарға сақадай сай тұр.

1

Фото: instagram.com/explore/tags/ulytau/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін визаларымызды алдық. Енді Алла қаласа Американың Нью-Йорк қаласында болатын концертімізге “жолдама” алдық деп анық айта аламыз. Мерейтой аталған қаладағы “Gotemxooll” концерт залында 19 сәуір күні өтеді”, – дейді продюсер Қыдырәлі Болманов.

“Ұлытау” тобының концертінде Қарақат Әбілдина мен мектеп студиясының жетігеншілері өнер көрсетеді. Мұнымен қатар, БҰҰ-дан қонақтар келеді деп жоспарланған.

Бугiн визаларымызды алып,уфф дедiк..,ендi Алла каласа АМЕРИКАНЫН НЬЮ-ЙОРК КАЛАСЫНДА БОЛАТЫН КОНЦЕРТТЕРIМIЗГЕ “ЖОЛДАМА” АЛДЫК ДЕП АНЫК АЙТА АЛАМЫЗ.. НЬЮ-ЙОРК каласындагы “gotemxooll” концерт залында….19 – сауiрде…( апрель ) УЛЫТАУ ТОБЫ,КАРАКАТ мектеп-студиясынан жетiгеншiлер,КАРАКАТ жане мен,- бiрiккен концерттер бермекшiмiз….Бiрiккен концерттерiмiзге- БIРIККЕН УЛТТТАР УЙЫМЫНАН ДА ( ООН ) КОНАКТАР КЕЛМЕКШI…. АЛЛА ЖАР БОЛСЫН !!!

Видео опубликовано Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

“Ұлытау” – қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Қыдырәлі Болманов жетекшілік ететін топ небәрі бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізген. 2001 жылы Голливудта өткен бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қыдырәлінің жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөліскенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау