Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні Ұлыбританияда тойланды

Ұлыстың ұлы күнін атап өту Ұлыбританияда басталды. Осы елде жүрген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің азаматтары бас қосып, күллі түркі тілдес елдерге ортақ жаңа жыл мерекесін тойлады.

ыыыыы

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл – әлемнің ең үздік университеттерінің бірі Кэмбриджде өтіп жатқан Наурызға дайындық шарасы. Бірнеше сәттерден соң түркітілдес елдердің тумалары шетелдіктердің алдында өнер көрсетеді. Ұлттық нақышта киініп, ұлттық аспаптарда ойнаған қырғыз, өзбек, тәжік ағайындардың бірі студент болса, екіншісі осында еңбек етеді. Және де оларға орыс тілінде емес, туған тілінде немесе ағылшынша сөйлеген ыңғайлы.

Наурыз тойын тойлауда тәжік және қазақ халықтары арасында көп ұқсастықтар бар. Мәселен, сіздердегі наурыз көже бізде де бар. Ол бізде сумалақ деп аталады”, – Бекжан Мухибайұлы.

Бұл күні өзге ұлт өкілдерімен қатар қазақстандық студенттер де өнер көрсетті. Көпшілікке, әсіресе қазақтың қара домбырасында ойналған тәтті күй ерекше әсер етті.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында 19-ғасырда британдықтардан бірінші болып Қазақстанға ат басын бұрған саяхатшы Томас Аткинсон туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді. Шара Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Аткинсон – жұбайымен бірге елдің солтүстігі мен шығысын аралап, қазақтың бай тарихы мен мәдениеті жайлы қолжазба қалдырған зерттеуші. Ұлы далаға саяхат барысында дүниеге келген сәбиіне олар Тамшыбұлақ-Алатау деген есім берген екен.

“Отбасының он шақты мүшесі алдағы уақытта Қазақстанға қыдырып қайтпақшы. Делегация Тамшыбұлақ-Алатау ақсақал дүниеге келген жерлерде болады”, – дейді кітап авторы Ник Филдинг.

Шара мерекелік дастарханға ұласты. Жиналғандар өзбектің палауынан дәм татып үйлеріне тарқасты.
Талқылау