Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлының тұсауын кестірген Мұтырғановтың жұбайы бұл дәстүр туралы мүлдем естімегенін айтты

Мұрат Мұтырғанов ұлы Майклдың тұсаукесер тойын өткізді. Дүркіретіп атап өтпесе де, жақын жора-жолдастарын шақырған-ды. Артистің жұбайы бұрын-соңды тұсаукесер дәстүрі туралы естімегенін айтады.

000000

Фото: instagram.com/muturganova_alessya/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мұтырғанов өзінің болашақ жарымен 30 жасында танысқан. Оны 2014 жылдың ақпан айында ортақ достарының туған күн кешінде жолықтырған. Артынша біраз уақыт бірге жұмыс істеген.

Артист көп ойланбастан сүйіктісіне ұсыныс жасап, 2014 жылдың қыркүйек айында отбасын құрды. Бүгінде Олеся мен Мұраттың Майкл есімді ұлдары бар.

Жуырда артист бір жас туған күнін атап өтіп, тұсаукесер рәсімін өткізді. Ал тұсаукесу мәртебесі Әнуар Мәлікке бұйырды. Ол – ҚР Ат спорты Федерациясының бас хатшысы.

1

“Көзді ашып-жұмғанша арада бір жыл өте шықты. Ана болу бақытын сезіндім. Алайда моральдық және физикалық тұрғыдан қатты қиналдым. Басымнан өткендерді айтатын болсам, таң атып, кеш батар. Отбасымызда осындай періштенің бар екенін шүкіршілік етіп, бақыттан басым айналып жүргенін жеткізгім келеді! Қасымда болып, маған көмек қолын созған жандарға алғысым шексіз”, – дейді Олеся Мұтырғанова.

2DD1CE2B-D553-4A0B-A608-1ED10F5983C8_mw1024_mh1024_s

Мұнымен қатар, артистің жұбайы бұрын-соңды тұсаукесер дәстүрі туралы естімегенін, енді біліп жүретінін айтып өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Мұрат Мұтырғанов әкесін циркке билетсіз кіргізбегендерге наразы

Мұрат Мұтырғанов тұрмысы төмен отбасылардың балалары тегін оқитын цирк студиясын ашты

Есентаева: Цирк басшылығының Мұтырғановтан кешірім сұрайтыны анық

Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті (видео)

Талқылау