Ұлының туған күнін атап өтпек болған қақпашы әуе апатынан аман қалды

Сәрсенбі, 30 Қараша , 2016 8:14

Колумбияға баратын команда сапына енбей қалған “Шапекоэнсе” футбол клубының қақпашысы, кешегі әуе апатынан аман қалды.

50cb86d2d693bb59c4b5b629cf3ec3b0__1440x

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Бразилиялық “Шапекоэнсе” командасының үшінші қақпашысы Марсело Бук командамен бірге Колумбияға ұшпай қалған. Ол ұлының туған күнін атап өту үшін қалып қойған екен.

“Отбасы мүшелерімен және өзге ойыншылармен бірге Марело да стадионда болды. Құдай өзі оны осы сапарға шығармады”, – дейді футболшының агенті.

Жалпы, Оңтүстік америка кубогының бірінші финалына қатысушы футболшылар тізіміне тоғыз ойыншы енбей қалған.

Еске сала кетсек, кеше Боливиядан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Колумбияда апатқа ұшырады. Алдын-ала деректер бойынша ұшақ бортында 81 адам болған. Олардың 9-ы экипаж мүшелері. Ұшақ ішінде сондай-ақ, Бразилияның жоғарғы дивизионында ойнайтын “Шапекоэнсе” командасының мүшелері, клуб басшылығы, бапкерлік штаб өкілдері, техникалық қызметкерлер және журналистер мен үш қонақ болған. Ұшақ бортында болған 81 адамның 5-еуі ғана тірі қалды: үш футболшы, стюардесса және журналист.

Оқи отырыңыз:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар