Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлының туған күнінде жұбайының құшағын гүлге толтырған Бүркіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Бүркіт пен Аишаның шаңырағында отбасылық мереке. Жұлдызды жұптың ортаншы ұлы Омар 3 жасқа қадам басып, ата-анасын қуантты. Бұл орайда Бүркіт өзіне ұл сыйлаған жарына алғыс білдіріп, оның құшағын гүлге толтырды, деп жазады Stan.kz.

Ұлының туған күнінде жұбайының құшағын гүлге толтырған Бүркіт жұртты сүйсіндірді (видео)

“Бүгін Омар ұлымның туылған күні! 3 жас! Бірінші Аллаһыма мың раxмет, екінші Омарды дүниеге әкелген анасына мың раxмет! Балам, жасыңа жас қосылып, еліңнің сүйікті азаматы болып өс! Денсаулығың мықты болсын! Аллаһ жар болсын саған, балапаным!” – деп қуанышымен бөлісті әнші желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары перзентінің туған күнінде оның анасына сый көрсеткен Бүркітке риза болды.

“Неткен әдемі көрініс”, “Бала-шағаларыңызбен бірге бақытты болыңыздар”, “Анасының, жарының еңбегін бағалаған азаматтар сіздей болсын. Құтты болсын туылған күндеріңіз”, “Бүркіт аға, не деген ерлік десейші”,”Махаббатқа толы үй, бұдан артығы керек те емес. Аллаға шүкір, туған күн құтты болсын. Ұл бала әкесінен көргенін істейді”, “Ұлыңыздың анасына алғыс білдіру керемет, ұлдарыңыз үлкен азамат болып, мақтаныштарыңыз болсын”, – деп тілегін білдірді желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Беркут (@berqut_qazaqstan)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау