Ұлының құлап қалғанына қарамастан ән шырқаған Дәурен Айдарқұлов жұрттан сөз естіді (видео)

Әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде күйеуі Дәурен Айдарқұлов пен ұлының бірге қалған кезде түскен видеосын жариялады. Алайда көпшілік баласын жалғыз қарап қалған әкені сынап тастады, деп жазады Stan.kz.

Ұлының құлап қалғанына қарамастан ән шырқаған Дәурен Айдарқұлов жұрттан сөз естіді (видео)

Видеодан Дәурен Айдарқұловтың асүйде ән шырқап тұрғаны байқалады. Осы кезде 1 жастан асқан ұлы орындықтан құлап қалды. Алайда Дәурен оны орнынан тұрғызудың орнына әнін жалғастыра берді. Артынша бүлдіршін өзі тұрып, жыламастан басқа бөлмеге кетіп қалады.

«Баланы әкесіне қаратуға қалдырсаң осы ғой», – дейді Ақботаның өзі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Ал желі қолданушылары кішкентай баласы құлап қалған кезде әнін жалғастыра берген Дәуренді сынға алды.

«Әкесі ұлы құлап қалғанда міз бақпады ғой», «Өлең айтқанша балаға қарамай ма», «Сұмдық қой, құлағанда өлеңін тоқтатып, көтермеді. Шоколадын алып еді, бірден менікі дейді», «Басы ауырып қалған шығар», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр