Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын қырқынан шығарған Рано Омарова үйлену тойын дүркіретіп атап өтпек

Жуырда ұлын қырқынан шығарған Рано Омарова үйлену тойын өткізбек. Бұл қуаныштарына туысқандары мен жолдастарын ғана емес, БАҚ өкілдерін де шақырмақ. Әнші жолдасымен ұлдарын қырқынан шығарған соң үйленеміз деп уәделескен екен.

000000

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Рано Омарова келін атанғалы қысқа көйлек киіп, қатты боянғанын қойған. Жуырда мерзімінен бұрын босанған әнші перзентіне Әмірхан есімін берген. Ол жүктілік кезінде сыраға жерік болғанын айтады. Мұнымен қатар, өзге қалыңдықтар секілді той көйлегін кие алмағаны үшін өкінетінін жеткізді. Десе де, әнші жолдасымен ұлын қырқынан шығарған соң үйлену тойларын дүркіретіп атап өтуге уәделескенін айтты.

“Мен барлығын құпия ұстағым келді. Қазір наным-сенімдерге қатты сенетін болдым. Көз тимесін деп босанғанымша айтпауға тырыстым. Бірақ сүйіктім екеуіміз жиі қыдыратындықтан, тыңдармандарым біліп қойған екен. Олар қайта-қайта жүктілігім туралы сұрап, пікір жазды. Осылайша, барлығын ашып айтуымызға тура келді”, – дейді Рано Омарова.

35 жасында ана атанған әнші тұңғышының ұл болатынын алдын ала сезінген сыңайлы. Ол жеміс-жидекке емес, сыраға ерекше жерік болғанын айтады.

“Токсикозым басталып, не жесем де құсып тастай бердім. Сыра ішкім келе берді. Сүйіктіміз екеуіміз мейрамханада отырған кезде жанымыздан даяшы сыра алып өтіп бара жатты. Мен тоқтатып алмақ болған едім, күйеуім ұрысып тастады. Аяғымның ауыр екенін айтып, тыйым салды. Артынша ұзақ уақыт көндіріп, 0,3 л іштім”, – дейді әнші.

Бүгінде әйел бақытын сезінген Омарова іште жатқан өкінішін бөлісті. Әнші әлі де той көйлегін кигісі келіп жүрген сияқты.

“Жүкті екенімді білген кезде менде көптеген концерт жоспарланған болатын. Жарты ақшасын алдын ала алып қойғандықтан, баруыма тура келді. Мұнымен қатар, жаңа жылдан кейін жолдасымның маңызды жобасы болды. Ол барлық жұмысын бітіріп, үйленуді ұсынған кезде жәй ғана атап өтуді жөн көрдік. Артынша ұлымыз қырқынан шыққан соң журналистерді шақырып, тойды дүркіретіп атап өтеміз деп келістік. Телевидение де болады. Көз алдыма өзімнің балық немесе басқа денеге жабысып тұратын үлгідегі көйлек киіп тұрғаным елестейді”, – дейді Рано Омарова.

Әзірге тойдың нақты қашан болатыны белгісіз. Әнші өткен аптада ұлын қырқынан шығарған болатын. Әмірханның кіндік шешесі өнердегі әріптесі Луина болды.


Жіберіп алмаңыз:

Рано Омарова: Ана болу бақытын сөзбен жеткізе алмаймын

Рано Омарова көпшілікке алғаш рет сүйіктісі мен сәбиін көрсетті (фото)

Рано Омарова тұңғышына қалай дайындалып жүргенін көрсетті (видео)

Әнші Рано Омароваға сырға салынды

Талқылау