Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын көргісі келген атақты шаңғышының әйелін күзетшісі ұрып жіберген

Алматылық Анастасия Шестаеваны көптен бері ұлымен кездесе алмай жүр. Осы жолы оны күйеуі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісі ұрып жіберген, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Анасының айтуынша, ұлын бұрынғы күйеуі ұрлап әкеткен. Содан бері көрсетпей жүр.

Анасы ұлын 26 күн көрмеген екен. Ал, оның күйеуі танымал қазақстандық шаңғышы Дмитрий Чвыков ұлын анасымен көрсетуге қарсы.

«Мен бүгін ұлыммен кездесіп, онымен сегізге дейін бірге болуым керек болған. Оның тірі екенінен көз жеткізгім келеді. Барғанымда есікті азиаттық нәсілдегі  ер адам ашты. Ол менімен дөрекі сөйлесіп, тіпті мені ұрып жіберді. Мен құлап қалдым. Сосын полицияға хабарластым. Мен ана ретінде заңға жүгінем. Ұлымды табу үшін қақпаның алдында да тұрам, подьезде де тұрам, полиция бөлімшесіне де барам», – дейді Анастасия.

Олар бес жыл бұрын ажырасып, ұлы анасымен аптасына төрт күн, қалған үш күнде әкесімен бірге болуға сот шешім шығарған. Алайда, әкесі ұлын мамыр айында алып кетіп, содан бермей қойған.

Сот төрешісі ұлдың әкесіне оның баласының ғана емес, анасының да құқығына қарсы келіп жатқанын айтты.

Адвокат Қайрат Молдахметов Чвыков сотқа келмейтін болса, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатынын айтады.

Алдағы уақытта ата-аналар мен балаға психиологиялық сараптама жүргізіледі.

Талқылау