Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағаш түбінен табылған бала: Алматыда өз ұлын ұрды деп айыпталған әке сөзінен айныды

Алматыдағы Шығыс айналма жолында баласын таспен ұрды деп айыпталған ер адам бұрынғы айтқан сөзінен айныды, деп жазады Қазақпарат.

Айыпталушы БАҚ өкілдерінен көмек сұрап, өз құқығын қалпына келтіруді сұрайды.

“Менің дәрежемді сақтауыма көмектесіңіздерші. Мен өз баламды ұрған жоқпын. Полицейлер менің шоктық күйімді пайдаланған. Мені құжатқа қол қоясың деп алдап әкетті. Қай әке өз баласын ұрады. Балам жол апаты болғанын айтты. Мені сағынып жатыр. Егер оны ұрсам, неге мені сұрайды ұлым. Мен ол уақытта жұмыста болдым. Оны басқаларда растайды”, – дейді Мұрат Асқар-оғлы.

Бұған дейін ер адам “Адам денсаулығына әдейілеп зиян келтіру” бабы бойынша айыпталды. Кейін іс «Қорғансыз күйдегі адамды өлтіруге оқталу» бабына ауысты. Айыпталушының адвокаты Нұрлан Өстеміров  одан әрі тергеу үшін істі прокурорға жіберу туралы өтiнiш жариялады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау