Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов жас әнші Данэлия Төлешовамен бірге ән жазып жатыр

Танымал әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов украиналық «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешоваға арнап ән жазып жатыр, деп жазады Stan.kz.

Ұлықпан Жолдасов жас әнші Данэлия Төлешовамен бірге ән жазып жатыр

Бұл туралы композитордың жұбайы Айған Жолдасова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Композитор нағыз әншімен жұмыс жасағанда қанаттанады, шығармашылық идеялар туылады. Әлемдік денгейде айтатын Данеля қызымыздың болашағы жарқын болсын. Елімізді, қазақ өнерін әлемге танытады деген үміттеміз», – деп жазды Айған Жолдасова.

 

Ал желі қолданушылары жас әншінің жетістігіне қуанып қалды.

«Істеріңіз сәтті болсын. Жас әншінің жетістігі үшін қуаныштымыз», «Үміттеріңіз ақталсын», «Қандай тамаша жаңалық. Еңбектеріңіздің жемісті болуы тілеймін», «Ұлықпан ағаның Данэлияны қолдағаны жақсы болған екен», – дейді пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау