Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

Желіде танымал компазитор Ұлықпан Жолдасов пен қазақтың талантты әншісі Мейрамбек Беспаевтың бірге отырып гитара мен домбыраны құйқылжыта сайратқан видеосы пайда болды.

Безымянный

Өзінің Инстаграмдағы парақшасына бұл бейнежазбаны салған Мейрамбек Беспаев, “Ұлықпан Жолдасов досыммен көңіл көтеріп отырғанға не жетсін?!” деп жазған.

Олар Ғаділбек Жаңайдың орындауында хитқа айналған “Ханшайымым” әнін аспаппен сүйемелдей отырып, шырқап береді.

Осыған дейін Ұлықпан Жолдасовтың мәдениет саласының үздігі атанғанын және оның атақ, марапатқа қатысты көзқарасы туралы жариялаған едік. Ал Мейрамбек Беспаевтың бұған дейін “Ninety One”  туралы әзіл айтып, әріптесін күлдіргені туралы және смарт-альбомын шығарғаны туралы жарияланды.

@lukpan_zholdasov досыммен көңіл көтеріп отырғанға не жетсін?!😃

Видео опубликовано @m_besbaev

Талқылау