Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов концертінің билеттері қолды болды

Танымал сазгер әрі әнші Ұлықпан Жолдасовтың жақын күндердің бірінде өткізілетін концертінің билеттері жоғалды.

image

Фото: new.baistars.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше сазгердің көлігінен белгісіз біреулер концерт билеттерін ұрлап, бүгін оны халыққа қолма-қол сатып жүрген көрінеді. Айғаным Жолдасова алаяқтардан сақтануға кеңес беріп, концертке келем деушілердің билетті Республика Сарайының кассасынан сатып алуға кеңес берді.

“Құрметті тыңдармандар, 1 мамырда өтетін Ұлықпан Жолдасовтың концертіне көшеде қолдан сатып жүрген билеттерді алмаңыздар. Қазір құқық қорғау органдары осы мәселемен айналысып жүр. Ал бүгінге дейін сатып алынған билеттер жарамайды. Ол қай орындар екені бізге белгілі. Біз шұғыл түрде билеттің дизайнына арнайы белгімен өзгеріс енгізетін боламыз. Ол қандай белгі екенін жақында жария етеміз”, – дейді Айғаным Жолдасова.

Әзірге алаяқтардың қолынан билетті қанша адам сатып алып үлгергені белгісіз. Десе де, халықтың алаяқтарға берген ақшасын ешкім қайтармайды.

Ұлықпан Жолдасовтың мамырдың 1-і күні өтетін концертіне Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі, Абай Бегей, Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева сынды танымал әншілер қонаққа келеді.


Оқи отырыңыз:

Ұлықпан Жолдасов екі азаматтың суретін көрсетіп, олардан сақтануға кеңес берді

Жолдасов бір қолының екіншісінен қысқа болуының себебін түсіндірді

Ұлықпан Жолдасовтың мерейтойлық торты бәрінен ерекше болды

 

Талқылау