Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов екі азаматтың суретін көрсетіп, олардан сақтануға кеңес берді

Елімізге танымал әнші, композитор, продюсер Ұлықпан Жолдасов өзінің инстаграмдағы парақшасына екі азаматтың суретін салып, олардан сақтануға кеңес берген-ді.

1

Фото: instagram.com/lukpan_zholdasov/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Құрметті бауырлар мен қарындастар, бұл екеуі елімізге әйгілі, сонау Сауд Арабиясында отырып алып Қазақ елінің құтын қашырып, арамызға фитна талас-тартыс туғызып, көпшілік жастарды адастырып, біз Салафилерміз деп отырған екі кісі”,- деп қос азаматтың суретін жариялады.

Суреттегі азаматтың біріншісі – Назрат Уаллаһ әбу Мәриям, екіншісі – Ділмұрат әбу Мұхаммад.

2

“Барынша бала-шағамызды, отбасымызды, туыстарымызды осы екі кісінің уағыз-насихаттарынан сақтаңыздар. Қыздарыңызды қандай ақидасы бар адамға күйеуге беріп жатқандарыңызға қараңыздар. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасын адасқанға шығарып имамдарға, бидғатшыларға жалған фатуа беріп, біздің миымызды улап жатқан осы заманның бүлікшілері. Тіпті керек болса бұлар қазақтың салт дәстүрін де жоққа шығарып, олардың барлығы бидғат адасушылық дейді. Әйгілі Хауаридж XVIII-XIX ғасырда мұсылмандарды талқандаған Мухаммад ибн Абдулуахтың Ұлттары – біріншісі тәжік Назрат Уллаһ, екіншісі – өзбек Ділмұрат. Жақындарыңызды жат ағымнан көргіңіз келмесе ескертіңіз!” – деп жазып, бұл адамдардан сақтануға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, Жолдасовтың бір қолының екіншісінен қысқа болуының себебін түсіндіргені туралы хабарлағанбыз.

Талқылау