Ұлыбританияның жаңа премьері Букингем сарайына “қолды сүю” рәсіміне келді (фото)

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 9:23

Елизавета II Консерваторлар партиясының көшбасшысы Тереза Мэйды ресми қабылдағаннан кейін оны Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі қылып тағайындады.

c2787400-8a5a-4b14-99e1-2eee92a1295d

Бұл туралы ru.tsn.ua хабарлайды.

Мэй ханшайым басқарған тұстағы министрлер кабинетінің басшылығына келіп отырған 13-ші саясаткер. Мэйді жаңа қызметке тағайындауға байланысты Букингем сарайында салтанатты шара өткізілген. Ол “қолды сүю” салтанаты деп аталады. Бірақ, шын мәнінде премьер-министр монархтың қолын сүймедйі. Тек қолға ернін жақындатып сондай рәсім жасайды екен.

ннн

Бұған дейін 2010 жылдан бері үкіметті басқарған Дэвид Кэмерон өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Ал Мэй бұған дейін 2010 жылдан бастап ішкі істер министрлігін басқарған.

иамвс

Кэмерон қызметтен кету туралы шешімді халықтың Евроодақ қатарынан шығу туралы референдум қорытындысынан кейін қабылдаған. 23 маусым күні болған дауыс беруде халықтың басым көпшілігі ұйым қатарынан шығуды қолдаған еді. Кэмерон жалпы саны үкіметті 2256 күн, яғни 6 жылдан астам уақыт басқарған.

ыыы

Өз кезегінде жаңа басшы Тереза Мэй Кэмеронның елдерді біріктіру және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру шараларын қолдап, жалғастыратынын айтты.

ымым

“Мен бұған дейінгі премьер-министрдің ісін жалғастырамын. Оның үкіметі елдегі жағдайды бағамдап жақсы жұмыс істеді. Сол күшпен әрі қарай жұмыс істеу керек”, – деді Мэй.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар