Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дэвид Кэмерон отставкаға кететін болды

Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон референдумның қорытындысына байланысты өзінің отставкаға кететіндігі жайлы хабарлады. Бұл жайында саясаткер жұма күні өткен баспасөз конференциясында айтты.

facdd64f15a80e601172a93247bc7ffb

Сурет: 24smi.org 

«Мен премьер-министр ретінде жақын айларда кеменің хал-ахуалын жақсарту үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым, бірақ, менің ары қарай осы кеменің капитаны ретінде қалуымның жөнін көріп отырған жоқпын», – деді Кэмерон.

Оның айтуынша елдің жаңа премьер-министрі қазан айында өтетін Консерваторлар партиясының конференциясына дейін тағайындалу керек.

«Бүгінгі таңда нақты құрылған кестенің қажеттілігі шамалы, бірақ біз қазан айында өтетін Консервативтік партияның конференциясына дейін жаңа премьер-министрді тағайындауымыз қажет», – деп атап көрсетті британдық премьер-министр.

Дегенмен, Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамында мықтырақ, қауіпсіз және жақсырақ болатындығына сенімін білдірді.

«Мен Англияның Еуропалық одақ ішінде мықтырақ, қауіпсіз әрі жақсырақ екендігіне кәміл сенімді болдым… Алайда, британдықтар басқа жолмен жүруді ұйғарды, сол себепті оларға осы жаңа жолмен жүргізетін жаңа басшы қажет», – деді Кэмерон.

Ұлыбританияның барлық 382 округі бойынша өткізілген референдумның нәтижесі бойынша: Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуына 17 млн 410 мың 742 адам, яғни (51,9%), ал Еуропалық одақта қалуына 16 млн 141 мың 241 адам, яғни (48,1%) дауыс бергендігін еске саламыз.

Жіберіп алмаңыз:

Дэвид Кэмерон әйеліне ескі Nissan көлігін алып берді

Микрофоны қосулы қалған Кэмерон «жемқорлық ең көп жайлаған елдерді» атап қалды (видео)

Талқылау