Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гарри ханзада мен Меган Маркл той қонақтарына өздерімен бірге тамақ алып келуді өтінген

Ханзада Гарри мен оның сүйіктісі америкалық актриса Меган Маркл үйлену тойларына Ұлыбританияның 1200 қарапайым тұрғынын шақырған. Сонымен қатар, олар той қонақтарына тамақты өздерімен бірге алып келуді өтінген.

Ұлыбританияның мұрагер ханзадасының тойына қонақтардан өздерімен бірге тамақ алып келуін өтінген

Бұл туралы The Guardian хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Георгия шіркеуінің маңында кем дегенде төрт жарым сағат бойы отыратын қонақтар сарай аумағындағы орындарды толтырып отырулары керек. Себебі, үйлену тойын теледидарда көрсеткен жағдайда бос орындар көрінбеуі тиіс екен. Сондай-ақ, қонақтар осы уақыт ішінде аш отырмасын деп, той иелері шақыртуға «тамақты өздеріңіз алып келіңіздер» деп жазған. Тойға шақырылған адамдар көп болғандықтан мерекелік шарада тамақ сатып алу мүмкін емес.

Сонымен қатар, осы аптада Кенсингтон сарайы кейбір тағамдар әлі де қол жетімді болады деп хабарлады. Бірақ қандай тағам екені толық көрсетілмеген.

Айта кетейік, Ұлыбританияның мұрагер ханзадасы Гарри мен Меган Марклдің үйлену тойы 2018 жылдың 19 мамырында өтеді. Салтанатты шараға барлығы 2640 адам шақырылған. Олар Ұлыбританияның әртүрлі аймақтарынан келетін 1200 қарапайым тұрғын, қайырымдылық ұйымдарының 200 қызметкері, жергілікті мектептердің 100 оқушысы, Виндзор сарайының қоғамдастық мүшесінен 610 адам және корольдік отбасылардың 530 мүшесі.

Тағы оқыңыз: 

Фермерлер 8 миллион жыл бұрын өмір сүрген пілдің сүйек қалдықтарын тауып алды

Матч кезінде футбол ойнап жүрген спортшыны найзағай соғып өлтірді

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды

Алматы медицина университетінің түлегі Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Талқылау