Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританиялық қазынадан қаржы алу үшін сау балаларына бірнеше мәрте ота жасатқан

Ұлыбританияда көптеген жыл бойы сырқатын сылтауратып, анасы дәрігерлерге балаларына ота жасауға мәжбүрлеген, сөйтіп алдау жолымен жүз мың еуроға жуық ақша тапқан, деп жазды Die Welt.

ұлыбритания

Лондонда 48 жастағы Кройдон он жылдан астам уақыттан бері ұлын демікпе, қызын асқазаны ауырады деп ота жасауға мәжбүрлеп келген, оның көздегені  – мемлекеттен жәрдемақы алу болған.

Сотталушының ұлына стероидпен ем-дом тағайындалған, себебі әйел ұлын демікпемен ауырады деп сендірген. Алайда мұны мектепте мұны ешкім растай алмады, себебі ауру белгілері байқалмаған.

Балаларының науқас тарихы негізінде сотталушы мемлекеттен  емделу үшін жүз мың еуро алған. Оның пәтерінен 160 мың еуроның дәрі-дәрмегі табылды.

Сот әйелге балаларына қатігездікпен қарағаны және алдағаны үшін жеті жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Талқылау