Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда жүрегі денесінің сыртында орналасқан нәресте туылды

Ұлыбританияда жүрегі денесінің сыртында орналасқан қыз туды.


Дәрігерлер бала туылмай тұрып жүрек эктопиясы диагнозын қойды. Олар жүрек эктопиясымен туылған нәрестелердің 90 пайызы өмірінің бірінші күнінде өліп кететіндіктен баланың тірі қалуы екіталай екенін айтқан. Сондықтан мамандар баланы алдырып тастауға кеңес берді. Бірақ оған ата-анасы қарсы болды.

Қыз өмірге аман-есен келді. Оның өмірінің алғашқы күнінде 50 дәрігер қатысқан 3 ота (операция) жасалды.

Дәрігерлер қыздың кеудесінің ішіне жүрегін орналастырды.

Басылымның хабарлауынша, Ұлыбританияда мұндай диагнозбен туылған бала алғаш рет отамен тірі қалған.

Тағы оқыңыз:

Жаңаөзенде көпқабатты үйдің едені опырылып түсті

Ғалымдар қатерлі ісіктен арылудың жолдарын зерттейтін гидрогель ойлап тапты

Қазақстанда электронды виза енгізіледі

Талқылау