Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда ұрылар дүкен тонау үшін кешке дейін міз бақпай манекен болып тұрған

Ұлыбританиядағы Уэртинг қаласында бұрын-соңды естілмеген ерекше ұрлық оқиғасы тіркелді.

dd1681159029c2f9a8ebe77b470a4ac9__1200x630-(1)

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Beales брендтік киімдер дүкенін тонап кетпек болған ұрылар, манекеннің кейпіне еніп қызметкерлердің үйлеріне кетіп, ғимараттың жабылуын күткен.

Дүкен ішінде өздерімен өздері қалған соң ұрылар дизайнерлік киімдер мен 10 мың фунтқа бағаланатын (12.5 мың доллар) киімдерді ұрлаған.

Ұрлықтың дәлме-дәл әрі мұқият жоспарланғаны соншалық, қылмыскерлер тура манекенге кигізілген киімдерді таңдап алған. Және дүкен жабыламын дегенше міз бақпастан тікелерінен тік тұрған.

Ұрыларға қазір іздеу жарияланды. Ал полиция болса дабыл жүйесі орнатылған дүкенге тонаушылардың қалай кіріп және зат алып шығып кеткенін түсіне алар емес.

Оқи отырыңыз:

Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады

Тойына тікұшақпен келмек болған қалыңдық көз жұмды (фото)

Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды

Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан

Талқылау