Ұлыбританияда сот шешімімен тіршілікті қолдау жүйесінен ажыратылған бала тірі қалды

Ливерпульде сот шешімі бойынша тіршілікті қолдау жүйесінен ажыратылған екі жасар Элфи Эванс аман қалды. Кішкентай Элфиге ешқандай дәрігер нақты диагноз қоя алмады. Баланың комаға түсіп кетуі туралы нұсқалар өте көп болды. Бірақ, заңға сәйкес, дәрігерлер өмірді жасанды қолдау жүйесін белгілі бір уақытқа дейін қолдана алады.

Ұлыбританияда сот шешімімен тіршілікті қолдау жүйесінен ажыратылған бала тірі қалды

Бұл туралы НТВ арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қала тұрғындары Ливерпульдегі Элдер хея ауруханасының қабырғасына келіп, баланы аман алып қалуды талап етті.

Халық тіпті медициналық мекемеге шабуыл жасап, ата-ананың рұқсатынсыз сот шешімін орындап, екі жастағы науқасты аппараттан ажыратқан дәрігерлермен кездесуді талап еткен. Жиналғандар «Элфи аман бол! Тірі қал» деп айқайлап, темір қоршауды бұзып өтіп шу көтерген. Бірақ көп ұзамай баланың әкесі Том Эванс келіп, таңғаларлық жағдай туралы баяндаған.  Оның ұлы әлі де тірі және өздігінен тыныс ала бастаған.

Бір жарым жыл бойы Элфи Эванс есімді баланың өмірі бүкіл елдің назарында болды. Бала белгісіз аурудың ауыр белгілерімен туылған. Ол нәр татып, өздігінен демала алмаған.

Тағы оқыңыз: 

Ауған қызы әкесі үшін 10 жылдан астам уақыт бойы ер бала болып келген

Үндістан министрі зорлықтың көбеюі порнографиялық сайттарға кіргеннен деп түсіндірді

Рамзан Қадыров ағасының ұлын өз балаларынан артық жақсы көретінін мойындады

Миллионердің қызы «кедейлердің өміріне» таңданып, телекөрермендерді ашуландырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар