Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан бала қарындасы туылғаннан кейін қайтыс болды

Британиялық Бристоль қаласында қатерлі ісікке шалдыққан 9 жасар Бэйли Купер қарындасы дүниеге келгенге дейін өмір сүретінін айтып, уәде берген. Ол шындығында да өз сөзінде тұрып, қарындасы туылғаннан бір жарым ай өткеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Купер шамамен 15 ай бойы ходжкиндік емес лимфоцитарлы лимфома дертімен күрескен. Ол түрлі емдік курстар алып жатса да, дәрігерлер ата-анасына балаларының аман қалмайтынын айтыпты. Себебі ем тым кеш басталған. Десе де Купер алдына мақсат қойып, қарындасы туылғанға дейін өмір сүретінін айтқан. Оның анасы 28 жастағы Рэйчел қараша айында босанып, қыз баланы дүниеге әкелді. Купер нәрестені қолында ұстап тұрып, оған Милли деген есім беріпті. Ал Рождество қарсаңында Купер қайтыс болған.

«Біз оны осынша уақыт бойы өмір сүре алады деп ойламадық. Ол алдына қарындасы Миллиді көремін деген мақсат қойды. Ол қарындасын көрісімен, көз алдымызда әлсірей бастады. Өзінің арманын орындап, дүниеден өтті», – дейді Купердің анасы.

Оқи отырыңыз:

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Талқылау