Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда артық салмақтан арылатын дәрігерлерге қосымша ақша төленеді

Ұлыбритания ауруханалары қызметкерлерінің артық салмақпен күресі үшін 600 млн фунт стерлинг алады.

ыы

 

Сурет: vekzhivu.com

Қаражат тегін спорттық және би сабақтарының өтуіне, сондай-ақ зиянды тағамдардың сатылуын шектеуге бағытталады.

Мұндай жоспармен Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Саймон Стивенс таныстырды.

Жаңа жоспарға сәйкес, артық салмақпен күресте жақсы нәтиже көрсететін ауруханалар  Ұлттық денсаулық сақтау қызметінен қосымша  2,5% төлем алады.

Ресми статистикаға сүйенсек, Ұлыбританияның ересек адамдарының үштен екі бөлігі артық салмақтан зардап шегеді. Олардың 700 мыңы – денсаулық сақтау саласының мамандары. Сондықтан Ұлттық денсаулық сақтау қызметі аурухана қызметкерлерінің артық салмақ проблемасын шешуге ниетті.

Бұл жүйе ел ауруханаларында сәуір айынан бастап іске қосылады. Төлемдер жұмысшылар көрсеткішінің жақсаруына және аурухана аумағында сатылған тағам аудитінің мәліметтеріне байланысты болады.

Талқылау