Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фитнеске келушілер тыржалаңаш жаттығу жасады (фото)

35 жастағы жеке бапкер Хелен Смит салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін ерекше жаттығу сабағын өткізді.

Ерекше сабақ барысында бапкер мен клиенттер тыржалаңаш шешініп тастап жаттығу жасады. Бір сағатқа созылған сабақ барысында бір орында секіру, кеуде көтеру сынды жаттығулар көрсетілді. Ал сабаққа жасы 33-70 аралығындағы 10 адам қатысқан.

480

Хелен Смиттің айтуынша, жалаңаш жаттығу жасау кезінде адам өз мүмкіндігін толықтай аша алады. Кейде спорттық киімдердің қолайсыздығына байланысты бірқатар жаттығулар шала-шарпы орындалады екен.

569

“Мұндай жаттығудан кейін тер болған киімді жуу керек деп бас ауыртпайсыз. Сонымен қатар, бұл өз денеңізді қалай бар солай қабылдау үшін таптырмас мүмкіндік”, – дейді бапкер.

668

Алайда түгелдей жалаңаш болғысы келмеген әйелдер, іш киімдерін киіп жатығуға қатысса болады дейді Смит.

“Маған форумдардың бірінде жаттығуды киімсіз өткізуге қалай қарайсыз деген сұрақ қойылды. Содан соң мен бұл жайлы ойлана бастадым. Іздеп көріп едім, бұрын-соңды мұндай болмаған екен. Демек, әлемде әлі енгізілмеген ерекше тәжірибе енгіздім деген сөз”, – дейді ол.

2140

Жаттығу Саутгемптонда айдың әр үшінші жексенбісінде кешкі сағат 5-те өткізіледі. Қатысу құны 8 фнт стерлинг (9 доллар)

Оқи отырыңыз:

Фотограф Солтүстік Кореяның әлем білмейтін қырларын паш етті (фото)

Маймылмен тамақтанатын тайпа адамдарының аяқтары өзгеріске ұшыраған (фото)

Қазақстандық Сәбина Алтынбекова Вьетнамдағы сұлу спортшы атанды (фото)

Жүкті қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері желідегілерді ашуландырды (фото)

Талқылау