Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда 400 шақырымдай қашық жерден иесін тауып келген ит жұртты таңқалдарды

Британияда Перо есімді ит 390 шақырым жерден иесіне қайтып келді.

20160426093755

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Иттің иесі Алан Джеймс Камбрия графтығында тұрады. Ол биылғы наурыз айында итін Уэльстегі малшы достарына беріп жіберген.

Бірде Аланға досы телефон соғып, қоймен бірге кеткен иттің үйге қайтып оралмағанын хабарлайды. Арада екі аптадай уақыт өткенде ит иесін тауып келіп, барлығын таңқалдырған.

Осы уақыт ішінде Перо иесіне жету үшін 390 шақырым жол жүріп келген.

Талқылау