Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания тұрғыны өзінің Испанияда екенін мастығы тарқаған соң бір-ақ білген

Британдық азамат Алекс Кэвиел түні бойы досымен бірге ішімдік ішіп, ертесі есін жиғанда өзінің Барселонада екенін бір-ақ білген.

332044

Сурет: reactor.inform.kz

Осындай жағдайдың болғанына қарамастан, ол өзінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан.

«Мен негізі ішімдік ішпейтін едім. Бірақ, осы жолы досым екеуміз түні бойы ішеміз деп шештік. Мен 90 фунт стерлингке шампан бөтелкесін сатып алдым. Оның дәмі жиіркенерліктей болды», – дейді ол.

Кешкісін Алекс бардан шығып, тамақтанбақшы болады. Өзінің автобус аялдамасының жанындағы дүкенге кіргені есінде. Ал, көліктер осы аялдамадан Лондон әуежайына қатынасады екен.

«Өзіме өзімнің бір жерге ұшып кетсем, қандай жақсы болар еді дегенімді білем», – дейді Алекс. Осыдан кейін ол түс көріп, түсінде ұшақпен Барселонаға ұшып бара жатқан екен. Алайда, бұл емес, шындығында солай болған.

Таңертен оянғанда ол өзінің Испанияда екенін білген. Өзімен бірге қол сөмкесі, ұялы телефонының қуаттандырғышы мен күн көзінен қорғайтын көзілдірігі ғана болған.

Талқылау