Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания туралы танымдық деректер

Stan.kz ақпараттық агенттігі ешкім назар аудармаған, көпшілігі «кішкентай, ешкімге қызықсыз арал» деп есептейтін ел туралы бірнеше танымдық фактілер ұсынады.

Ұлыбритания туралы танымдық фактілер

1. Ұлыбритания патшайымының нақты күші жоқ

Британдық патша отбасының тарихы жүздеген жылдардан бері әлі жалғасып келеді. Бірақ бүгінгі күні монархтың рөлі бұрынғы мағынасын жоғалтты. Бүгінде патша отбасы тек делегацияларды қабылдап, керемет көрініп қана жүр.

Дегенмен, монархты мүлдем пайдасыз деп айтуға болмайды. Мысалы, қазіргі патшайым Елизавета II министрлерді тағайындауға және оларды қызметтен алып тастауға, төлқұжат беруге және тіпті соғыс жариялауға құқылы. Дегенмен, егер патшайым шынымен де Францияға шабуыл жасамақшы болса, қазіргі премьер-министр бұған жол бермейді. Ал соңғы шешімді әрине, премьер-министр қабылдайды. Тағы бір қызықты дерек, Ұлыбритания пашайымы кіре алмайтын жалғыз орын – ол қауымдастық.

2. Патшайымының төлқұжаты жоқ

Ресми түрде, Ұлыбритания азаматының төлқұжаты патшайымның атынан шығарылып, беріледі. Сондықтан, патшайымға оның мүлде қажеті жоқ. Керек десеңіз, Елизавета II патшайымда төлқұжат та жоқ, ол оған мұқтаж емес. Ал, ол кез келген жерге барғанда, демалысқа емес «дипломатиялық миссиямен» барады. Сондықтан, ол қалаған жеріне кедендік бақылаудан жүктерін тексертпей-ақ, паспорттық бақылаудан өтпей-ақ бара алады. Бірақ патша отбасының қалған мүшелеріне ондай жеңілдік жоқ. Оларда басқа азаматтар секілді төлқұжат болуы керек. Сондықтан болар патшайым саяхаттағанды жақсы көреді.

3. Жердің алтыншы бөлігінің біреуі Ұлыбритания патшайымына тиесілі

Елизавета ІІ патшайымның нақты күші болмағанына қарамастан, ол жердің алтыдан бірі бөлігіне ие. Британиядан басқа 30-дан астам басқа мемлекеттер мен аумақтар ресми түрде патшайымға тиесілі. Соның ішінде Австралия, Ямайка және үлкендігі бойынша әлемдегі екінші ел Канада. Ол осы елдерді ресми түрде ғана иеленгенімен, оларды басқармайды.

4. Тағамдарға жылқы етін қосуға тыйым салынған

Көптеген елдерде жылқы етін жеу үйреншікті жағдай болса, бірақ Ұлыбритания оны тұтынуға мүлдем қарсы. 2013 жылы елде сиыр етінің орнына жылқы еті қосылған гамбургерлер сатылғанда үлкен шу шықты. Бүкіл халық жылқы етін тұтынуға қарсылық көрсетіп, назарылық білдірді. Тіпті, осындай бұзушылықтармен күресу үшін әр ат, пони, қашыр және зебрада жарамдылық мерзімі өтпеген төлқұжаты болуы тиіс. Сол құжатқа сәйкес жануар иелері оларға қамқорлық көрсетулері керек. Осылайша, британдық заңнама азаматтары тұтынатын азық-түліктерді олардың мәдени дәстүріне жатпайтын элементтерден қорғайды.

5. Құлдық тек жақында ғана жойылды

Құлдық туралы сөз болса ойымызға бірінші кезекте АҚШ түседі. Неге екені белгісіз, көпшілігі құлдыққа қатысты әңгіме қозғалғанда Ұлыбритания туралы жақ ашпайды. Алайда, 19-шы ғасырда осы елде және барлық колонияларда құлдық жойылғанына қарамастан, Ұлыбританияда құл ұстау 2010 жылдың 6 сәуіріне дейін британдық заң бойынша қылмыс деп есептелмеген.

6. Тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерлер

Британдықтар теледидар, ғаламтор және әйелдердің қысқа белдемшесін ойлап тапты. Бірақ оларда басқа да, даулы өнертабыстар болды. Мысалы, британдықтар екінші ағылшын-бур соғысы кезінде «тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерлерді» пайдаланған. Әдетте, мұндай лагерлерді тек ұлтшылдар ғана қолданатын.

Соғыс кезінде оппозицияны басуға тырысқан генерал Кинчер өз тарапынан Бур партизанының «командаларын» барлық мүмкіндіктен айыру үшін өзіне қарсы күрескен бурлық отбасыларды тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерлерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Бұл негізсіз қатыгездік Британ империясының сол жерде жасаған озбырлығының ішіндегі жай бір бөлігі ғана болды.

7. Балалар үш ата-анадан туған

2015 жылы Британ парламенті үш ата-ананың (екі әйел мен бір еркек) ДНҚ үлгілері арқылы балалы болуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Ұлыбритания жасанды ұрықтандыру әдісін заңдастырған бірінші ел болды. Бұл әдіс анадан балаға берілетін белгілі бір генетикалық аурулардың дамуына жол бермейді. Үкімет бұған қатысты болған наразылық акцияларының толқынына қарамастан, бұл заң тұтастай бекітіліп және технологияны дамыту жолындағы маңызды қадам деп бағаланды.

8. Ұруға арналған балалар

«Ұруға арналған бала» сөзі де Англиядан келген ұғым. Себебі, патша отбасының балаларымен бірге тәрбиеленіп, солар үшін жазаланған балаларды осылай атаған.

9. Ұлу кедейлердің азығы болған

Ұлыбритания туралы танымдық фактілер

XIX ғасырдың басында ұлулар Ұлыбританияда кедейлерге азық ретінде қаралды. Британия тарихында кедейлер ұлулардың жеуге болатын түрімен қоректенген.

Атақты ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс тіпті: «кедейлік пен ұлулар әрдайым қол ұстасып жүреді», – деп жазған болатын. Бірақ XX ғасырда жағдай күрт өзгерді. Кедейлерге азық болған ұлулар уақыт өте жоғала бастап, «кедейлердің етінен» мейрамхананың жеңсік асына айналды.

10. Балаларға арналған үстелдер – есіркі шеккіш нашақордың құтқарушы

2011 жылы бүкіл елді таңғалдырған зерттеу жүргізілді. Онда қоғамдық орындарда орналасқан балаларға арналған үстелдерді тексерген 10 жағдайдың 9-ында кокаин іздері табылды. Осындай бұзушылықтарды анықтау үшін сауда орталықтары мен шіркеулерде және тіпті полиция учаскелерінде тексеру жүргізілді. Алайда, бұл жағдай таңқаларлық оқиға емес. Енді, Ұлыбританияны «Еуропаның кокаиндік астанасы» деп атау себебі түсінікті.

11. Таңғаларлық ежелгі тарих

Ұлыбритания – ежелгі тарихы бар ел және осы мағынада көптеген елдер онымен салыстырғанда әлі жас. Британия тарихында бір Стоунхендждің немесе 200 жылдық әулеті бар патшалық үйдің өзі не тұрады. Ұлыбританияда 10 500 жылдық тарихы бар үй бар. Ол Стоунхенге қарағанда 6000 жылға үлкен болғандықтан, барлық рекордты бұзды. Бұл археологиялық олжа Солтүстік Йоркширде тұрғызылған. Аңыз бойынша, ежелгі тұрғын үй тұрғындары мұз дәуірінің соңында қолайсыз ауа райынан қорғаған деп есептелінеді.

12. Патша отбасының мүшесі ұлтшылдарды қолдаған

Ұлыбритания туралы танымдық фактілер

Қазіргі Елизавета II патшайымның ағайы Эдвард VIII екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін фашистердің билікке келуіне риза болды. Осы оқиға жайлы патша отбасылары жақсы білгенімен, көпшілік бұл факт туралы неміс фашистерімен бірге күлімсіреп тұрған жас ханзаданың суреті жарияланғаннан кейін ғана білді. Осы сурет пайда болған кезде 1933 жылы түсірілген архивтік фильм де жарияланды. Онда болашақ патшайым Елизавета II және оның әпкесінің фашистерге қолдарын көтеріп тұрғаны анық көрінеді.

Ұлыбритания туралы танымдық фактілер

13. Шотландықтарды өлтіру заңды

Англия мен Шотландияның өткен өмірі жақсы болмағаны барлығына белгілі. Қазір олардың қарым-қатынасы біршама жақсарды деп айтуға болады. Және шотландықтар мен британдықтар бір-бірін соққы жығып, өлтіріп жатыр дегенді көп ести бермейміз. Олардың тек кейбіреулері футболдан жеңіліп қалған жағдайларда төбелесіп жатады.

Алайда жақында Йорк қаласында әлі күнге дейін ескі заңның әлі күнге дейін қолданылып жүргені  анықталды. Ол заң қолында садақ пен жебе ұстап жүрген кез келген шотландықты өлтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл заң әлі жойылған жоқ.

14. Британдық империя өзінің адамзат тарихында ең үлкен империя және абайлап байланысуы керек әлемдік көшбасшы болды. Ұлыбританияның билік шыңында әлем халқының бесінші бөлігі өмір сүрді. Британдық империя біздің өркениетімізге технология, медицина және өнер саласындағы керемет жаңалықтарды алып келді. Бірақ, Ұлыбритания тек жағымды оқиғалармен ғана ерекшеленбейді.

15. Британия концентрациялық лагерь секілді жабайы зорлық-зомбылық тәсілдерді, азаптау, бүкіл халықты көшіру, елдің тұрғындарын нәсілдік кемсітушілік негізінде мәжбүрлеп бөліп-жару саясатын қолдан мемлекет. Бір қызығы, британдық империяның жасаған көптеген қылмыстары мұқият жойылып, елеусіз қалады.

16. Ұлыбритания туралы қызықты деректер мұнымен бітпейді. Мысалы, аяқ киімге арналған бау 1790 жылы Ұлыбританияда ойлап табылды.

17. Ал футбол, ат спорты, регби сияқты спорт түрлері Англиядан бастау алады. Сондай-ақ, ең алғашқы теміржол Ұлыбританияда ойлап табылды.

 

 

 

Талқылау